Заголовок окна (Действие по окончанию счетчика)
Редактируемый текст
Заголовок окна
2020-жылдың 28-тамызында сағат 15.00-де видеоконференц байланыс арқылы Қазақстан Республикасы Конституциясының 25-жылдығына арналған «Конституциялық құндылықтар ғаламдық мәселелерге төтеп беру жолында қоғамды жұмылдырудың құқықтық негізі ретінде» Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференция өтеді. Конференция жұмысына қазақстандық және шетелдік ғалымдар мен сарапшылар қатысады.
Мақсаты: Қазақстан Республикасы Конституциясының 25-жылдығына арналған мерейтойлық конференция өткізу, тақырыбы - «Конституциялық құндылықтар ғаламдық мәселелерге төтеп беру жолында қоғамды жұмылдырудың құқықтық негізі ретінде».
Конференция барысында Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі «Қазақстандық жол: конституционализм, адам, бейбітшілік және өркендеу» кітабының тұсаукесер рәсімін өткізеді. Бұл кітап Қазақстан Республикасы Конституциясының қазіргі қазақстандық мемлекеттілікті қалыптастырудағы, елде демократия стандарттарын нығайту процестеріндегі рөлі, құқық үстемдігі қағидаттары мен конституционализмнің мәні мен маңызын ашатын шетелдік мамандардың бағасы берілген мақалалар жиынтығынан құралған.
Басылымның авторлық ұжымына беделді халықаралық ұйымдардың өкілдері, конституциялық бақылау органдарының жетекшілері, танымал шетелдік мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, әлемге танылған ғалымдар енген.
Ұйымдастырушылар
Политика конфиденциальности
Редактируемый текст
Данный сайт использует Cookie
Редактируемый текст